{metadescription}
Жеке куәлікті жедел алудың жаңа бағасы қанша?

Жеке куәлікті жедел алудың жаңа бағасы қанша?

«Ашық мәліметтер» порталы жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру қызметіне бағалар көрсеткішін талқылауға ұсынды.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары үшін жеке куәліктерді жеделдетілген тәртіппен беру қосылған құн салығын қоса алғанда бірінші санаты үшіне 1 күннің ішінде дайындау 4 мың, ал екінші санатта 3 жұмыс күнінің ішінде дайындау 2 мың теңгені құрайтын болады.

Ал облыстық маңызы бар қалалар үшін бірінші санаттағы жедел құжат дайындау үшін 3 жұмыс күніне 4 мың теңге, екінші санатта 5 жұмыс күніне 2 мың теңге төлеуге тура келеді.

Ал облыстарға қарасты аудандар мен қалалардың тұрғындары 1 мың теңге төлеп, 7 жұмыс күнінің ішінде жеке кәліктерін ала алады.

ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының бұл жобасын талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен 2 жұмыс күнінде дайындау үшін 1989 теңге  (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін) төленеді.

Дәл осы сомаға 4 жұмыс күннің ішінде облыс орталықтарында жеке куәлік дайын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.