ВИДЕО: Ер адам пойыз астына түсіп аман қалды
Үндістанның батысындағы темір жол станциясының қызметкері жолаушылардың көзінше пойыз астына түсіп, аман қалды.
11:14 04.02.2018
Ер адам Керл станциясына келе жатқан пойыздың жолына түсіп, жатып алған.
Пойыз жүйткіп өткеннен кейін ол орынан тұрып, платформаға қайтып келген.
Оқиға 28 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында орын алған. Бастапқыда жолаушылар ер адам өзін-өзі өлтірмек болды деп ойлаған.
Есі шыға айқайлаған олар пойыз жақындап қалғандықтан, ер адамға көмектесе алмапты.
Мұнан кейін ер адамның 42 жастағы Вишвас Бансоде екені анықталған. Ол оқиға орын алған кезде мас болған екен.
Сондықтан ер адамды жиені темір жол станциясынан алып кетіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!