{metadescription}
Тараздық туған әпкесінің көлігін жағып жіберді

Тараздық туған әпкесінің көлігін жағып жіберді

Тараз қалалық сотында туған әпкесінің көлігін жағып жіберген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 28 желтоқсанда Д. есімді азамат «Жансая» шағын ауданындағы үйіне мас күйінде келіп, туған апасымен ұрсысып қалған. Сол кезде ол өшін аламын деп, әпкесінің көлігін жағып жіберуді ойлайды. Тіпті, үйден шығып бара жатқанда өз әрекеті жайында ескертті. Алайда ешкім құлақ аспайды.

Жарты сағаттан кейін «Hyundai Accent»-тің дабылы ойнай бастайды. Апасы далаға шығып қараса, автұрақта тұрған көлігі өртке оранып, жанып жатыр. Көлік иесі бірден полицияға хабар берді.

«Сот отырысы барысында Д. есімді азамат өз кінәсін толығымен мойындады. Ал оның әпкесі бас бостандығын айыру жазасын қолданбауды сұрады. Себебі ағасы материалдық шығынды өтеп берді. Тараз қалалық №2 сотының шешіміне сәйкес, көлікті жағып жіберген ер адам Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұдан бөлек, ол 102 917 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын өтеп беруі тиіс. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттың мамандары.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.