{metadescription}
Нағыз сары майдың бағасы қанша болуы тиіс?

Нағыз сары майдың бағасы қанша болуы тиіс?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниевтің айтуынша, бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай органның болмауынан теxникалық регламенттер толыққанды орындалмайды.

Соның салдарынан ішкі нарықты қорғау қиын.

"Сары майды өндіру саласында фальсификация көп. Негізі, теxникалық стандарттар бойынша сары майдың бір келісін өндіру үшін, кем дегенде, 22 литр сүт керек. Сонда нағыз майдың өз бағасы келесі үшін 2 750 теңгеден кем болмауы қажет. Ал өткен жылдың 11 айында Қазақстанға 1 858 тонна шетелдік сары май импортталды. Аталған өнімнің бағасы екі есеге арзан болып шықты. Бұл дегеніміз, ондай майды өндіру кезінде арзан қоспалар қолданылады", - деді А.Евниев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, сары май сияқты шетелдің арзан өнімдері отандық тауарларды шығаруға кедергі болып отыр.

Себебі бағасы - арзан, бірақ сапасы - төмен. Арзан өнім импортталғаннан кейін мемлекет тарапынан отандық өнімдерге жасалатын барлық қолдау шаралары тиімсіз болып қалады.

"Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігін барлық тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау саласындағы бірыңғай орган ретінде белгілеу керек. Ондай тәжірибе Канада, Франция, Литва, АҚШ, Қытай сияқты елдерде бар", - деп атап көрсетті А.Евниев.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат  


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде