{metadescription}
ВИДЕО: Көңіл көтеру үшін -37 аязда жағажай демалысын ұйымдастырды

ВИДЕО: Көңіл көтеру үшін -37 аязда жағажай демалысын ұйымдастырды

Ресейдің Сүргіт қаласының бір топ тұрғындары аязда көңіл көтерудің ерекше амалын тапты. 

Олар өздерінің және айналасындағылардың көңілін көтергісі келіпті.

Бір топ достар жиналып алып, көлікке отырып, жағажайға келді. Ауа райы сол күні -37-ні көрсетіп тұрды.

Көңілді достар суға шомылуға арналған киімдерін киіп, қар басқан жермен жүгіре жөнелді. Қолдарында суға шомылуға арналған небір заттары бар. Олар жүк көлігінен секіріп түсіп, мұз ойықтарына секіріп түсіп, суға шомылды. Онымен қоймай, жаздың ыстығында жағажайда жүргендей күнге күйінетін орындыққа отырып, шырын ішті.

Сөйтіп Сургіт қаласының бірнеше тұрғыны -37 аязда  жағажай демалысын ұйымдастырып, жағажайда бүрсеңдеп жүргендердің көңілін көтерді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде