{metadescription}
Алматы облысында жоғалған 16 жастағы қыз табылмай жатыр

Алматы облысында жоғалған 16 жастағы қыз табылмай жатыр

Алматы облысының полицейлері ұшты-күйлі жоғалған қызды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

16 жастағы Аружан  28 қаңтар күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған. 

Бойжеткен Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының тұрғыны. Бойы шамамен 160-165  см, дене бітімі арықтау келген. Шашы, көзі қара түсті.

Үйден шығып кеткенде қыздың үстінде жасыл түсті күртеше, қоңыр  трико болған. Бәтенкесі - қара, ал өкшесі ақ түсті.

Егер де кімде-кім суреттегі қызды көрген болса, не болмаса сол жайында қандай да бір ақпарат білсе, полицейлер жедел түрде 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Сонымен қатар, Қарасай ауданының ІІБ кезекшілік бөлімшесіндегі мына нөмірге  8-7272-298-34-22, 8-72771-2-14-35 қоңырау шалуға болады.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.