{metadescription}
ВИДЕО: Шамаң жетсе ақша ұтып ал - 60 жастағы ақсақал жастарды бәске шақырды

ВИДЕО: Шамаң жетсе ақша ұтып ал - 60 жастағы ақсақал жастарды бәске шақырды

Гимнастикалық жаттығулар жасайтын 60 жастағы ақтаулық ақсақал жастарды жарысқа шақырды.

Ол кез келген адаммен жарысқа түсуге дайын екендігін айтты. Жексен Аюпов 1958 жылы дүниеге келген. Бала кезінен спортты жанына серік еткен  азамат, күрес және жеңіл атлетикамен айналысқан. Ол өзі бағындырған нормативті қайталай алатын адамды әлі кездестірмегенін айтады.

 «Біз түсірген видео жастарды менімен бәске түсу үшін әзірленген. Мен  роликпен жасалатын жаттығуды 100 рет жасаймын, осыны қайталай алатын Ақтауда адам бар ма екен? Базарда жұмыс істеймін. Күн сайын мен істеген жаттығуларды қайталаған адамға бәс тігем. Бәс құны 5 мың теңге. 10 рет жасаса болды. Ақшаны алғысы келетіндер көп бірақ оған әркімнің шамасы жете бермейді. Көбі бір реттен кейін құлап жатады»,-дейді ол.

Соңғы 10 жыл көлемінде Жексен Аюпов таңғы алтыда тұрып 3-4 шақырым жүгірген соң 30 рет турникке тартылады екен. Одан кейін үйіне барып міндетті түрде  суық душ қабылдайды.

«Ақтаулықтарды менімен бірге жаттығу жасауға шақырамын. Кез келген көлемдегі ақшаны бәске тігулеріңізге болады. Меніңше  50 мыңнан артық  ешкім тіге алмайтын шығар. Өзіне сенгендер хабарлассын, мен тек қуанамын»,-дейді Жексен Аюпов. Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын Жексен Аюпов өмір бойы жүргізуші болып жұмыс істеген.

Дереккөз: Lada.kz

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.