{metadescription}
ВИДЕО: Төрт метрлік жылан бұғыны жұтып қойды

ВИДЕО: Төрт метрлік жылан бұғыны жұтып қойды

Төрт метрлік жыланның бұғыны өлтіріп, біртіндеп жұтып алғанын Шри-Ланка туристері видеоға түсіріп алған.

Видео қаңтар айының аяғында Шри-Ланканың оңтүстік жағалауындағы Бундала ұлттық саябағында түсірілген. Туристер ұзындығы 430 сантиметр болатын алып жыланның өлген бұғыны қалай жұтып жатқанын тамашалаған.

Жыланға жануарды жеу үшін шамамен бір сағат уақыт кетті. Саябақ қызметкері жыланның әрекетіне таң қалды.

«Әдетте жыландар адамдардың қарап тұрғанын сезсе, қоректенуін бірден доғаратын», – дейді саябақ қызметкерлері. Жылан аш болғандықтан жануарды бірден жұтып алған сияқты. Қызметкердің айтуынша, осындай үлкен бұғымен тамақтанған жылан, енді  бірнеше ай бойы қорексіз жүре алады.

Бундаль ұлттық саябағының ауданы шамамен 25 мың гектарды құрайды. Оның аумағында бауырымен жорғалаушылардың 48 түрі, амфибиялардың 15 түрі, 197 құс түрі, сүтқоректілердің 32 түрі және көбелектің 52 түрі бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде