{metadescription}
ВИДЕО: Зейнеткер үйінде 300 мысық асырап отыр

ВИДЕО: Зейнеткер үйінде 300 мысық асырап отыр

Американың Медфорд қаласында тұратын (Нью-Йорк штаты) зейнеткер өз үйінде 300-ге жуық мысық асырап отыр.

Бұрын пойызда жолсерік болып істеген Крис Арсену (Chris Arsenault) өз үйінің көп бөлігін мысықтарға пана етіп отыр.

Арсенудың өзі 9 шаршы метрге жуық бөлмеде тұрып жатыр. Онда дәретхана, жуынатын бөлме және асхана да бар. Тіпті ол сол бөлмеде ұйықтайды.

58 жастағы ер адам таңертең 7-де тұрады да күні бойы мысықтарға қарайды. Тамағын беріп, суын құяды, олардың артын тазалайды. Жуып-тазартуға ыңғайлы болу үшін ол қабырғаларды пластикпен қаптап, еденді винилдеп жасады.

Арсену мысықтарды пойыз жолдың маңынан көргеннен кейін осындай орын ашуды қалайды.

«Ол жерде 30 мысық болды. Олардың ауру екені бірден көрініп тұрды. Мысықтарды сол жерге тастап кетсем, өліп қалатынын білдім. Сондықтан үйге әкелдім», - деді ол.

Кристің айтуынша, оның 24 жастағы баласы мотоциклде жол апатынан қайтыс болған. Мысықтар осы қайғыдан кейін оған бірдеңелермен айналысып, көңілін аулауға көмектеседі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде