{metadescription}
Пхенчханда қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Пхенчханда қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты басталды.

9-25 ақпан аралығында Пхечханда қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бірқатар спорт түрлерінен іріктеу жарыстары басталып кетсе деғ ресми ашылу салтанаты бүгін өтіп жатыр.

ХХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 92 елінен 2920 спортшы келді. Олар спорттың 15 түрінен 306 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан ұлттық құрамасы спортшылары 57 жолдама бойынша сынға түседі. Бүгіннің өзінде фристайлдың могул түрінен қазақстандық спортшылар алғашқы мүмкіндіктерінен-ақ финалдық бәсекеге жолдама алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде