{metadescription}
ВИДЕО: Жүргізуші тайып жығылған әйелді қасақана қағып кетті

ВИДЕО: Жүргізуші тайып жығылған әйелді қасақана қағып кетті

Мемлекеттік автоинспекция жүргізушіні табу үшін куәгерлерден көмек сұрады.

Ресейдің Ярославль қаласында жаяу жүргіншілер жолында тайып жығылған әйелді қасақана қағып өткен Lada Granta жүргізушісі іздестіріліп жатыр.  

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерге орналастырылды. Онда жолдан өтіп бара жатқан әйел құлап қалғаны, оның дәл қасынан ақ Lada Granta қаға-соға өте шыққаны көрінеді.

"45 жастағы әйел зардап шекті. Мемлекеттік автоинспекция осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін куәгерлерден хабарласуын сұрайды", — деп хабарлады Ярославская облысы бойынша Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы басқармасы.  

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде