{metadescription}
Швециялық спортшы Пхенчхан Олимпиадасының алғашқы жеңімпазы атанды

Швециялық спортшы Пхенчхан Олимпиадасының алғашқы жеңімпазы атанды

Швециялық спортшы Шарлотт Калла 15 шақырымдық скиатлоннан мәре сызығын бірінші кесіп, Пхенчхан Олимпиадасының алғашқы чемпионы атанды.

Екінші болып норвегиялық Марит Бьорген мәре сызығын кессе, ал үздік үштікті фин спортшысы Криста Пярмякоски қорытындылады.

Бұл сынға Қазақстан құрамасынан Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленова қатысты. Анна Шевченко чемпионнан 3.40 минутқа қалып қойып, жарысты 36-орынмен аяқтады. Елена Коломина болса 54-орынға жайғасты.

Ал бірінші рет Олимпиада ойындарына қатысып жатқан Валерия Тюленованың шаңғысы аяғынан сырғып кетіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.