{metadescription}
Димаш екінші рет Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Димаш екінші рет Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards жүлдесінің "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті. 

«CCTV телеарнасы жыл сайынғы Top global Chinese music awards атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі кеште "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", - деп жазды Димаш Инстаграмдағы өз парақшасына. 

Айта кетейік, «Singer 2017» ән додасында екінші орын алғаннан кейін Димаштың Қытайда және басқа да елдерде танымалдылығы арта түсті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.