{metadescription}
Мас жүргізуші жедел жәрдем дәрігерлерін қағып, оқиға болған жерден қашып кетті

Мас жүргізуші жедел жәрдем дәрігерлерін қағып, оқиға болған жерден қашып кетті

Қостанай облысы Жетіқара қаласында үш жаяу жүргінші - жедел жәрдем дәрігерлерін қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты.

Жетіқара аудандық соты 23 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

 ҚР ҚК-нің 347 бабы: Жол ережесін бұзғаны, мас күйде көлік басқарғаны, адам өліміне әкелгені, оқиға болған жерден қашып кеткені үшін оны кінәлі деп тапты.

Сот оған 7 жыл 10 ай бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Және көлік басқару құқынан 7 жылға айыру үкімін шығарды.

Жетіқарада мас күйінде Lada-21723 автокөлігін айдаған. Жарығы жоқ Уәлиханов көшесінде жол ережесін ескермеген жігіт белгіленген жылдамдықты сақтамай, жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан үш дәрігерді қағып, оқиға орнына қашып кеткен. 

ДЕРЕККӨЗ:  Patrul.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде