{metadescription}
Қысқы Олимпиадада америкалық спортшы ресейліктің қолын алмай қойды

Қысқы Олимпиадада америкалық спортшы ресейліктің қолын алмай қойды

Скелетоннан Ресейдің атынан қысқы Олимпиада ойындарында Ресейдің атынан өнер көрсетіп жатқан Никита Трегубов Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан ойындар барысында америкадық және британдық спортшылар қол алып амандасуға қарсы екенін айтты. 

"Басқа спортшылармен дұрыс сәлемдесеміз. Ал америкалықтармен қол алысып амандаспаймыз. Олар менімен сәлемдеспейді. Мен де оларға сәлем бермеймін. Ештеңе етпейді. Айтпақшы, британдықтармен де. Неге? Білмеймін. Маған бәрібір. Маған да десе амандаспаса, ары кетсін. Америкалықтардың жолын ешқашан кескен жоқпын. Олар саяси жағынан бізге қарсы өздерінің ұстанымдары бар. Жасөспірімдер амандасатын. Ал мына жігіттер әлем кубогі кезінде де тура осылай жүреді. Жарайды", - деп келтіреді Трегубовтың сөзін спорттық басылымдардың бірі.  

2017 жылдың желтоқсан айында Халықаралық Олимпиада комитеті бірнеше ресейлік спортшыны допинг қолданғаны үшін Олмпиада ойындарына қатысуға мүлде тыйым салды. Кейінірек ресейліктердің ісі қайта қаралып, Спорттағы арбитраждық сот (CAS) кейбір спортшылардан жазаны алып тасады. Сөйтіп, олар Пхенчандағы Олимпиада ойындарына шақырту алды.

Бұл саяси жағдайларға байланысты болып жатқан дүние дейді ресейлік спортшылар.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде