{metadescription}
ВИДЕО: Түркияда үшінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді жабылып жүріп қағып алды

ВИДЕО: Түркияда үшінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді жабылып жүріп қағып алды

Түркияның Самсун қаласында оқыс оқиға болды.

Жергілікті тұрғындар биік үйдің үшінші қабатының терезесі ашық қалып, онда сәбидің ойнап отырғанын көреді.

Оқыстан құлап кете ме деп қауіптенген көршілер мен көшедегі адамдар қатты шошыды.

Үйдің ауласында жүрген адамдар қатты алаңдап, біреуі үйінен үлкен жамылғы алып шықты.

Тап сол сәтте сәби терезенің ернеуінен шығып, жерге еңкейе бастаған.

Жиналған ересек адамдар жамылғыны жайып, баланы қағып алуға дайындалды.

Сәби терезенің ернеуінен сырғып түсіп, төменге құлап кетті.

Бағына қарай  төменде жайылып тұрған жамылғының үстіне топ етіп түсіп аман қалды.

Әлеуметтік желіде жазылған пікірге көңіл аударсақ, сәбидің ата-анасы баласынан көз жазып қалып, терезені жабуды ұмыт қалдырған.



 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде