{metadescription}
Алматыда 63 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Алматыда 63 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

2018 жылдың 1 ақпанында Федор Ким (Түрксіб ауданы) үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып келмеді. 

Түр-сипаты: бойы 170-175 см, ақ шашты, көзі қарақоңыр, ернінің үстінде қалы бар, жүрісі баяу, алдыңғы астыңғы тістері жоқ, еңкіш. Альцгеймермен ауырады.

Үстінде үйдің киімі, жемпір, былғарыдан тігілген желет,  аяғында үй галошы. Киімі мен кепкасының ішінде мекен-жайы мен телефоны жазылған. 

Бұрын да үйден шығып жоғалып кеткен, бірақ әрдайым өзімен телефоны болатын. Бұл жолы ұялы телефонын үйге қалдырып кетіпті. 

Көрген-білген болсаңыз: 8 (702) 340 14 15, 8 (705) 399 88 00, 8 (747) 500 40 30 немесе «102» телефондары арқылы хабарласуға болады.

ДЕРЕККӨЗ:  Patrul.kz

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде