{metadescription}
Бір топ қазақстандықты Сеулге кіргізбей жатыр

Бір топ қазақстандықты Сеулге кіргізбей жатыр

Р Сыртқы істер министрлігі бір топ қазақстандықтың Сеулге кіргізілмеуіне қатысты пікір білдірді.

«СІМ-нің Оңтүстік Кореядағы Консулдық қызмет департаменті басшылығының алдын ала мәліметтеріне қарағанда, елге кіргізуден бас тартуға шекаралық бақылаудан өту кезінде қате ақпарат беру, берілген ақпараттың нақты деректерге сәйкес келмеуі, қолма-қол ақшаның аздығы және күтіп алушылардың жоқтығы себеп болған», - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі мамандары.

Министрлік ол азаматтарға барынша көмек көрсетуге уәде берді.

«Сеулдегі біздің дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. СІМ-нің Корея Республикасындағы консулдық департаментінің басшылығымен хабарласып, оқиғаға алаңдаушылық білдірді», - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Сеулге қысқы Олимпиада ойындарын тамашалау үшін барған бір топ қазақстандықтың әуежайдан шығуына рұқсат етілмей, төлқұжаттары мен билеттерін алып қойған болатын.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға шығуына қажетті қосымша ақпараттарды арнайы жариялады.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.