Нигерияда автобус жүк көлігіне соғылып, 22 бала қаза тапты
Нигерияда автобус жүк көлігіне соғылып, 22 бала қаза тапты

Нигерияда автобус жүк көлігіне соғылып, 22 бала қаза тапты

Автобус жүргізушісі жолда тұрған кедергіні айналып өтпек болғанда рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігіне соғылды.

Нигерияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 22 бала мен жүргізуші қайтыс болды.

Балалар автобуспен Кано қаласына экскурсияға кетіп бара жатқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жиырма екі бала мен жүргізуші көз жұмды. Тағы үш бала ауыр жарақат алды», – дейді Канодағы жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты федералды корпустың баспасөз хатшысы Кабиру Даура.

Дереккөз: korrespondent.net
 

Вчера9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...