{metadescription}
ВИДЕО: Мектепте болған атыс 17 адамның өмірін қиып кетті

ВИДЕО: Мектепте болған атыс 17 адамның өмірін қиып кетті

Флорида штатында (АҚШ) Паркленд қаласындағы Marjory Stoneman Douglas мектебінде болған атыс салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Бұл туралы округ шерифі Броудер Скотт Исраэль мәлім етті. 

«12 адам - мектепте, екеуі - мектеп ғимаратында, біреуі - көшеде және екеуі ауруханада көз жұмған»,- деп нақтылады ол. 

«Мерт болғандардың арасында оқушылар да, үлкендер де бар»,-деп қосты шериф. Оқ жаудырған қаскөй «тәртіп бұзғаны үшін мектептен шығарылған». 

Бұдан бұрын оның 18 жаста екендігі айтылған болатын. WSVN телекомпаниясының федеральдық құқық қорғау органындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, оқ атқанның есімі  Николас Круз.

Дереккөз: ТАСС

Кеше

24 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде