{metadescription}
Апатқа ұшыраған Мәскеу ұшағында тағы бір қазақстандық болған

Апатқа ұшыраған Мәскеу ұшағында тағы бір қазақстандық болған

Мәскеу түбінде апатқа ұшырап, ішіндегі жолаушылардың барлығы қайтыс болған АН-148 ұшағының ішінде тағы бір Қазақстан тумасы болған.

31 жастағы Евгений Ильинов Ақтөбе туып-өскен. Ол Орск қаласынан Ақтөбедегі ата-анасына бара жатқан екен

Ұшқыш болуды армандаған Евгений №3 мектепті бітірген соң Санкт-Петербургтағы Балтық техникалық университетіне түскен.

Оқып жүрген кезде ол Ақтөбедегі жас ұшқыштар мектебіне жиі барып тұратын. Оның жетекшісі Александр Курбанов онымен бес жыл бұрын ұшақ ішінде кезігіп қалғанын айтады.

"Ол өте жақсы жігіт еді. Аспанда ұшуды армандайтын. Адамгершілігі мол, талапты, тәрбиелі бала еді. Тағдырын көрмейсіз бе? Аспанда ұшуды армандап жүріп, өзі де ұшақ ішінде қайтыс болды", - дейді ол.

Дереккөз: Диапазон

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде