{metadescription}
ФОТО: Адал ит сәбиді құтқарамын деп өзін құрбан етті

ФОТО: Адал ит сәбиді құтқарамын деп өзін құрбан етті

Американың Балтимор штатында Поло деп ат қойылған ит үйдегі сегіз айлық сәбиді өрттен құтқарып, өзі жанып кетті.

Эрика Поремски үйде сегіз айлық қызы Вивьен мен итін қалдырып, өзі көлігінен бір затты алу үшін сыртқа шығып кетеді. Бірер минуттан соң қайтып оралғанында, есігінің алды көк түтін болып жатқанын көреді.

Әйел үй есігін бірнеше рет ашуға тырысқанымен, өрттен әбден қызып кеткен есік ұстағышы еш ашылмай қояды. Салдарынан ол қолдарын күйдіріп алыпты. Тек өрт сөндірушілер келіп жеткенде ғана үйге кіру мүмкін болған.

Құтқарушы мамандар сәбиді денесін күйік шалған иттің астынан тауып алады. Бір қолы ғана күйіп қалған Вивьенді дін аман күйде анасына тапсырады. Белгілі болғандай, өрт кезінде ит өз денесімен оны бүркеп қалыпты.

Эрика өрт кезінде өліп қалған итін қатты жақсы көргенін айтады. Ол барлық нәрсені түсініп, өте сезімтал болатын дейді.

Тіпті, өрт болатын күні қайта-қайта қыңсылап, қобалжулы түр танытқан екен. Иесі оны ветеринарға алып баруды да ойлапты.

Айта кету керек, Балтимор тұрғындары қайғылы оқиға туралы біле салысымен, бірнеше сағаттың ішінде көмек ретінде 17 мың доллар жинап берген. Бұл ақшаға Эрика қызы мен өзінің қолдарын емдетіп, үйін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.