{metadescription}
Ер адам баланы өлтіріп, мәйітін бір ай бойы шабаданда сақтап келген

Ер адам баланы өлтіріп, мәйітін бір ай бойы шабаданда сақтап келген

Қылмыскер баланың мәйітін бір ай бойы шабаданда жасырып келген.

Үндістанның Нью-Дели қаласындағы полиция қызметкерлері жеті жасар баланы өлтірген азаматты қолға түсірді.

Ашиш Саини 7 қаңтардан бері іздеуде жүрді. Оның денесі 13 ақпанда 27 жастағы Авдеш Сакьяның жалдамалы пәтерінен табылды. Ол баланың ата-анасының пәтерін жалдап тұрып келген.

Тексеру деректеріне сүйенсек қылмыскердің жалға берушілермен қарым-қатынасы нашар болған. Олардан ақша талап ету үшін ол пәтер иесінің ұлын ұрлап кеткен.

Сакья балаға велосипед алып беремін деп алдап, үйіне кіргізген. Кейіннен баланы іздестіріп жатқаны туралы естіген соң, қорыққанынан не істерін білмей оны өлтіріп тастаған.

Кейіннен қылмыскердің көршілері жағымсыз иісті сезген соң, Сакьяға шағымданған. Ол пәтерде бірнеше кеміргіштер өліп қалғанын айтқан.

Ер адам телефон қоңырауларына жауап бермеген соң, полиция қызметкерлері одан күдіктенген. Нәтижесінде олар Сакьяның үйін тінтуді жөн көрді.

Полиция мәйіт салынған шабаданды қылмыскердің төсегінін астынан тапқан. Сондай-ақ, оның бөлмесінен он шақты әтір табылды. Ол жағымсыз иісті жасыру үшін бірнеше әтір сатып алған.

Мерт болған баланың әкесі Сакьяның опасыздығына таң қалды. Себебі, ол сегіз жылдай уақыт сол пәтерді жалдап тұрып келген. Ол тіпті баланы іздестіруге де көмектесіп, қылмысын жасырып қалмақшы болған.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.