{metadescription}
ФОТО: Жапония тұрғыны баланы видеоойыннан арашалаудың ерекше тәсілін тапты

ФОТО: Жапония тұрғыны баланы видеоойыннан арашалаудың ерекше тәсілін тапты

Жапония тұрғыны баланы видеоойыннан арашалаудың ерекше тәсілін тапты.

Sasamipicata деген никпен Twitter желісіне тіркелген қолданушының суреті жарияланды, ол суреттен қуат көзінің ашасына құлыптың салынғанын көруге болады.

Осылайша ол ашаны розеткаға қосуға кедергі келтірген.

"Екінші құлып смартфонның зарядтау құрылғысына салынған. Осылайша, видеоойын ойнайтын ұлдың анасы баласын видеоойындардан арашалады. Жапонияда жалпақ ашасы бар штепсель айырлар жиі қолданылады, оның әр ашасында тесіктері бар. Әйел сол ерекшелікті пайдаланып, тесіктер арқылы құлыпты өткізіп, салып қойған", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, 1 ақпанда қытайлық геймер 20 сағат бойы достарымен видеоойын ойнап, сал болып қалған.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде