{metadescription}
ФОТО: Ер адам әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберді

ФОТО: Ер адам әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберді

Үндістанның Джайпура қаласында тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанған әйел сауда орталығында тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген.

Әулие Валентин күні оған бұрын ғашық болған ер адам келіп, көпшілік алдында ұсыныс жасаған.

Алайда әйел оның ұсынысынан бас тартқан. Мұнан кейін ер адам оның бетінше қышқыл шашып жіберіпті

35 жастағы Мехбоб Хан 2 жыл бойы сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Алайда 3 баланың анасы оның сезіміне жауап бермепті.

Әулие Валентин күні ер адам көпшілік алдында сезімін білдіруге шешім қабылдаған. Бұл жолы да сүйіктісі кезекті рет бас тартқаннан кейін, ер адам оның бетіне қышқыл шашып жібереді. Салдарынан әйелдің беті, қолы мен денесі күйіп қалған.

Сондай-ақ, сүйіктісінен кек алмақ болған Мехбоб Ханның өзі де қышқылдан зардап шегіпті. Ол қышқылды әйелге шашпақ болғанда, өз үстіне де төгіліп кеткен.

Қазіргі уақытта Мехбоб пен оның құрбаны бір ауруханада емделіп жатыр.

Полиция мәлімдегендей, ер адам ауруханадан шыққан бойда тұтқындалады. Ол адам өлтірмек болғаны, қышқыл қолданғаны және әйелді аңдығаны үшін айыпталатын болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

11 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде