{metadescription}
Апатқа ұшыраған Иран ұшағында қазақстандықтар болған жоқ

Апатқа ұшыраған Иран ұшағында қазақстандықтар болған жоқ

Иранда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болған жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болған жоқ», - деді Ә.Жайнақов.  

Еске салайық, бүгін Иранда Тегераннан Ясуджге бет алып келе жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде