{metadescription}
Шіркеуге жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тапты

Шіркеуге жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тапты

Дағыстанның Кизляр қаласында шіркеуге қарулы шабуыл жасалды.

Бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

5 адам қаза тапқан (оқ атқан адамды қоса алғанда), жарақат алған 5 адам Кизляр қалалық орталық ауруханасына жеткізілген.

Онда Дағыстанның апаттар медицинасы орталығының мамандар бригадасы аттандырылды.

Республиканың ІІМ мәліметінше, жарақат алғандардың арасында Ресей гвардиясының қызметкері де бар. 

«Шабуыл жасаушы шіркеуге кіріп іштегілерге оқ жаудырған, сол жерде төрт адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Оқ тигендердің жарақаты орташа ауыр деңгейде деп бағалануда», - деп мәлім еткен ақпарат беруші.

Дреккөз: ҚазАқпарат


 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.