{metadescription}
ФОТО: Бірнеше күн бойы көмекке шақырып кәріз жүйесінде жатқан

ФОТО: Бірнеше күн бойы көмекке шақырып кәріз жүйесінде жатқан

Ер адамды Лондонның маңындағы Ромфорд қалашығында кәрізде сұйық зат пен газ шығарып тұратын құбырдан тапқан.

Көшеде келе жатқан адам оның көмекке шақырған дауысын естіп қалды. 

Байғұс адам ашық қалған кәріз тесігіне үш күн бұрын құлап кетіпті.

Оның құлаған жері табылған жерінен 10 шақырымда болып шықты. Яғни ол кәріз жүйесінде үш күн бойы 10 шақырым жүріп өткен.

Қалай құлап кеткені есінде жоқ. Есін жиғанда тас қараңғыда жатқан.

48 жастағы Дэвид Миллер 7-ші ақпан күні таңғы сағат 9-да досының үйінен шығып Баркинг ауданындағы дәріханаға бет алған екен.

Келесі есінде қалғаны - "қатты соққы мен тас қараңғылық".

Сосын есін жиып, көмекке шақырған.

Осы уақыт бойы ол бірнеше рет жоғарыдан кәріз есіктерін көріп, бірақ ауыр қақпақтарын аша алмаған. 

Тек Ромфордқа жеткенде ғана оның жолы болды.

Жаяу жүргіншілер оның дауысын естіп, көмекке келді.

Ер адамды Лондонның ауруханасына жатқызды.

Дэвидтің аяғы жарақаттанған және суық өтіп кеткен.

Жалпы денсаулығы қанағаттандырарлық.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.