{metadescription}
Аршавиннің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аршавиннің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытқаны үшін үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы "СтарХти" порталына берген сұхбатында Алиса Аршавинаның өзі айтып берді.

Бұл оқиға футболшының түнгі клубта Ольга Семенованы құшақтаған видеосынан басталған еді. Кейін қазақстандық модель Аршавиннің әйелі өзін ФСБ қызметкері ретінде таныстырып, "саусақтарыңды кесемін" және "есірткімен" ұстаймын деп қорқытқанын айтқан. Модель құқық қорғау органдарына арыз жазып, болған оқиғаны көпшілікке жария етті.

"Расымен ушығып тұр. Үстімнен үш ауыр бап бойынша қылмыстық іс қозғады. сотқа дейін әлі ұзақ, әзірге тексеріс жүріп жатыр. Ол қызбен сөйлескім келмейді, ол пиарды қалады және дегеніне жетті", - дейді Аршавина.

Әзірге Алиса Санкт-Петербургте, ал Андрей қазақстандық клуб сапында жаттығып жүр.

"Андрей әрине қатты таңданды. Ол модельмен Андрей де араласпайды, клубта олар алғаш және соңғы рет кездескен. Сондықтан бұл бейбіт жолмен шешілмейді", - дейді Аршавина.

Биыл 6 қаңтарда Алиса Аршавина шу шығарғаны үшін Мәскеуден Алматыға ұшатын рейстен түсіріп тастағанын айтып, тағы бір дауға қалған.

Кейін "РЕН ТВ" арнасы Аршавиннің әйелін түсіріп тастаған рейстің жолсеріктеріне Аршавина жауап берген, алайда, Тергеу комитеті атынан-мыс қорқыту мен үркіту сарынындағы хабарламалар келгені туралы көрсеткен. Хабарламада "Сендер екі бала мен анасын және ФСБ майоры Аршавина Алиса Александрованы түсіріп тастадыңыздар" делінген екен.

Аршавин мен Алиса Казьмина 2016 жылы үйленген болатын. Олардың қыздары және Алисаның бұрынғы күйеуінен екі баласы бар. 2017 жылы қарашада Аршавин ажырасуы мүмкін деген ақпар тараған болатын. Футболшының өзі әйелінің көзіне шөп салғандықтан, оның кетіп қалғанын айтқан еді. Кейін әйелі оны кешіріп, екеуі қайта бас қосақаны хабарланды.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.