{metadescription}
Фируза Шарипова 7 жастағы сіңлісін ізбасары ретінде таныстырды

Фируза Шарипова 7 жастағы сіңлісін ізбасары ретінде таныстырды

Фируза Шарипованың 7 жастағы сіңлісі кәсіпқой бокс жолына түсті. Ол туралы қазақстандық боксшының өзі мәлім етті. 

WBC Silver және екінші жартылай жеңіл салмақ бойынша (59 келі) IBO Championship, WIBA және WBU нұсқасы бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова 7 жастағы сіңілісі Русалинаның боксшы болатынын айтып, көпшілікке таныстырды. 

Жас жеткіншекті бокс әлеміне Фируза Шарипова өзі құрған «FSK Promotion» промоутер компаниясы жетелейтін болады.

7 жастағы Русалина Шарипова бүгінде Тараздағы Бокс кешенінде жаттығып жүрген көрінеді.

«Русалина маған қарағанда мінездірек, батылырақ. Оның бойында боксшыға қажетті қасиеттің бәрі бар. Оның осы бастан мақсатын айқындағаны, мені үлгі тұтқаны қуантады», - деді Фируза Шарипова.

Айта кетейік, Фируза Шарипованың «FSK Promotion» компаниясы кәсіби бокста табысқа жеткісі келетін таланттарға іздеу жариялаған болатын. 

«Таразда Русалинаның ата-анасымен кездестім. Балада боксшыға керектінің барлығы, ең бастысы, талпынысы бар екені байқалады. Бұл жерде биік нәтижелерге жетіп жүрген әпкесінің де рөлі ықпал ететінін айта кету керек. Біз өз тарапымыздан Русалинаның алғашқы қадамынан қолдау көрсетіп, әуесқой бокстан кәсіби рингке дейін жетекшілік ететін боламыз», - деді Фируза Шарипованың менеджері, «FSKPromotion» компаниясының бас продюсері Сергей Завилейский.

Еске сала кетейік, Фируза Шарипова «FSKPromotion» компаниясын 2017 жылдың жазында құрып, 26 тамызында «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында алғашқы бокс кешін ұйымдастырды.

Кездесуде Фируза Шарипова басты қарсыласы болгар қызы Милен Колеваны ұтып, WIBA және WBU титулдарын ұтып алды.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде