{metadescription}
Ғалымдар Алакөлдің құрамында радон барын дәлелдеді

Ғалымдар Алакөлдің құрамында радон барын дәлелдеді

Қазақстанда тұңғыш рет көлдер мен қайнарларға бальнеологиялық зерттеу жүргізілді.

Ғалымдар Шығыс Қазақстан облысындағы 8 көл мен 2 қайнардың суы мен батпағының құрамының физика-химиялық қасиеттеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Алакөлдің суында адамның буын аурулары, тері аурулары, қан айналымы жүйесіне, тб. пайдасы зор радон көрсеткішінің жоғары екені ғылыми түрде дәлелденді.

Ғылыми зерттеу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны» жобасын іске асыру бойынша қолға алынған.  Бүгінде зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып отыр.

«Аймақтағы туризмді дамыту мәселесіне атүсті қарауға болмайды. Барлығына ғылыми дәлел қажет. Сондықтан облыстағы көлдер мен қайнарлардың құрамын зерттеуге ғалымдарды қатыстырып отырмыз. Мысалы, Алакөлдің шипасы жайлы ел-жұрт бұрыннан біледі, туристердің көптеп ағылуы да сондықтан. Алайда су құрамында радон көрсеткіші жоғары екенін терең зерттеу нәтижесінде анықтап отырмыз. Бұрын радон тек Рахман қайнарларында ғана бар деп есептелетін», - деді Шығыс Қазақстан облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан  Сәрсебаев.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылыми жұмыс және иннновациялар жөніндегі проректоры Олег Гавриленконың айтуынша, зерттеудің бірінші кезеңінде  Алакөл, Зайсан, Марқакөл, Сібе көлдері, Шыбындыкөл, Дубығалы (Окуньки), Рахман қайнарлары, «Барлық-Арасан» және Қоңыр Әулие бұлағы мен Қасиетті бұлақтың су құрамы мен батпағынан үлгілер алынған.

Айта кету керек, елімізде бальнеологиялық қортынды жасайтын институт болмағандықтан зерттеуге ресейлік мамандар да тартылды. Ресей Федерациясы Томск қаласының курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институты Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлі суының минералдану және негізгі иондық-тұздық құрамы 30% артық екенін де дәлелдеп отыр.

2018 жылы, яғни зерттеу кезеңінің екінші кезеңінде Шығыс Қазақстандағы тағы 4 көлдің суы мен емдік батпағы құрамының физика-химиялық қасиеттері тексеріліп, табиғи минералды суларды пайдалану үшін бальнеологиялық қорытынды жасау жоспарланып отыр.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде