{metadescription}
160 елдімекенді су басу қаупі бар

160 елдімекенді су басу қаупі бар

Биыл жеті облыс қардың күрт еруінен зардап шегуі мүмкін.

Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мәлімдегендей, биылғы қар күрт ерісе, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына қауіп төнуі ықтимал.

Қауіпті аймаққа 160 елді мекен кіріп отыр. Бұл ауылдарды еріген қар суынан қорғауда әлі де шешімін таппаған мәселелер барын көрсетеді. Еске сала кетейік, соңғы үш жылда еліміздің 57 елдімекені қар суынан зардап шеккен.

Министрдің дерегінше, жергілікті атқарушы органдар елдімекендерден 3,8 млн текше метр қар шығарған. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Қардың күрт еруінен бөлек, су қоймаларынан келер қауіп бар. Министрдің айтуынша, су қоймаларының барлығы дерлік суды қабылдауға дайын емес. Сондықтан Қалмұхамбет Қасымов өңірлердегі жұмысты әлі де болса, жандандыра түсу керек деп есептейді. 

Қазақстан аумағында 1 665 гидротехникалық  нысан бар. Олардың тек 72-сі ғана жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жарақтандырылған. Бұл ретте, шашау шығатын тұстың бірі осы гидротехникалық нысандар болып отыр.

Облыс әкімдерін маусымдық жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырған үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев иесіз гидротехникалық нысандарды да бақылауда ұстау керектігін ескертті.

Қалмұхамбет Қасымовтың айтуынша, су тасқыны алдында өзендердің су деңгейінің негізгі болжамын «Қазгидромет» әзірлейді. Мекеме 1 наурыздан бастап әрбір үш күн сайын болжамды нақтылап отырмақ.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгінде еліміздегі қардың көлемі тиісті нормадан төмен. Соған қарамастан, жердің ылғалдану деңгейінің жоғарылығы салдарынан қауіп туындап отыр. Қазіргі таңда жер тоңының қалыңдығы 60 сантиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Бұл былтырғы көрсеткіштен біршама жоғары.

Дереккөз:  abctv.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.