{metadescription}
Астанада күдікті сөмке кесірінен Министрліктер үйі қоршауға алынды

Астанада күдікті сөмке кесірінен Министрліктер үйі қоршауға алынды

Полиция қызметкерлері күдікті қытай сөмкесінің табылуына байланысты Министрліктер үйін қоршауға алды.

«Полиция қызметкерлері қызмет бабында жүріп, өтпелі жолға жақын жаяу жүргіншілер жолының маңында иесіз сөмкені тапқан. Алдын ала сақтану шараларын таныта отырып, олар сағат 09:40 шамасында жедел әрекет ету басқармасының орталығына хабар берген. Сөмкені тексеру үшін оқиға орнына бірден мамандар жолданып, тексеру кезінде аталмыш сөмкенің ішінен күдікті ештеңе табылмады», - деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін де 19 ақпан күні полиция қызметкерлері Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысын қоршауға алған болатын.

Ол жердегі көлік тұрағынан әйелдің сөмкесі табылған еді. Кейін оның тек қоқыс толы сөмке екені анықталған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.