{metadescription}
ВИДЕО: Су ішкісі келген қақпашы гол жіберіп алды

ВИДЕО: Су ішкісі келген қақпашы гол жіберіп алды

Футболдан Германиядағы екінші Бундеслиганың 24-ші кезеңінде "Дуйсбург" және "Ингольштадт" арасында өткен ойында қызықты жағдай болды.

Германияның «Дуйсбург» командасының қақпашысы Марк Флеккен екінші бундеслиганың 24-кезеңінде «Ингольштадт» командасына қарсы ойын көрсетті.

Ойын барысында су ішу үшін қақпа артына кеткен қақпашы гол жіберіп алды.

Ойынның 18-минутында қақпашы Марк Флеккен қақпаның артында жатқан шөмектен су ішпек болған. Ол су ішуге беттегенде, қарсыластары қақпаға шабуыл жасады.

«Дуйсбург» қорғаушысы қарсыластарына кедергі жасамақ болып допты өз қақпашысына қарай басымен қағып жіберді.

Ал бұл кезде қақпашы ойын алаңына теріс қараған күйі су ішіп тұрған болатын. Осы сәтті пайдаланған «Ингольштадт» футболшысы Стефан Кучке допты қақпаға қарай теуіп жіберді. Нәтижесінде командалар 1:1 есебімен теңесті.

Десе де ойын соңында «Дуйсбург» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.