{metadescription}
ФОТО: Өртенген көліктегі бала құтқарылды

ФОТО: Өртенген көліктегі бала құтқарылды

Астанада сарбаздар өртенген көліктен баланы құтқарды.

Кеше сағат 20:00 кезінде әскери жасақ құрамындағы сарбаздар Алтынсарин көшесі бойында шолғындау кезінде «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің өртеніп жатқанын көріп қалған.

Қатардағы жауынгер Темірлан Әлімқұлов болған жағдайды дереу патрульдік топтың басшысына және әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлады.

Сәйкесінше, бұл оқиға бойынша өрт сөндіру қызметіне хабар берілді.

«Өрт сөндіру қызметі жеткенше, жеке құрам тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Анықталғандай, автокөлік ішінде көлік иесінің немересі болған. Сарбаздар баланы бірінші кезекте құтқарып, қауіпсіз жерге алып шықты», - делінген таратылған мәліметте.

Баланың туыстары көрсетілген көмек үшін Ұлттық гвардия әскери қызметшілеріне ризашылықтарын білдіріп, 5573 әскери бөлімінің командирі атына алғыстарын хат түрінде жолдады.


 

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде