{metadescription}
Тұмар патшайым рөліне нәресте іздестіріліп жатыр

Тұмар патшайым рөліне нәресте іздестіріліп жатыр

«Қазақфильм» киностудиясы «Тұмар патшайым» тарихи картинасы бойынша сақ ханшайымының сәби кезіндегі рөлін сомдауға жаңа туған қыз баланы іздестіріп жатыр.

Шақалақтардың түр-әлпеті басты рөлді ойнайтын Альмира Тұрсынға ұқсауы тиіс. 

"Сатайфильм" компаниясының кастинг директоры Жайна Әбдібектің  айтуынша, әзірге нәресте тек Алматы қаласынан іздестіріліп жатыр.

«Туғанына 5-10 күн болған нәресте іздестіріліп жатыр. Түсірілім алаңында балапанға бар жағдай жасалған. Бұл жерде жылы, қауіпсіз, ыңғайлы. Кастингке тек қана Алматыдағы нәрестелер шақырылып жатыр. Өйткені, ата-аналар республиканың түкпір-түкпірінен Алматыға емізулі баласын әкеп әуреге түспегені дұрыс. Тұмар патшайымның нәресте кезіндегі рөлге бірнеше баланы іріктеп аламыз. Себебі,олардың бәрі бірдей түсірілім алаңына келе алмауы мүмкін», - деді Жайна Әбдібек.

Сонымен қатар жақында «Қазақфильм» киностудиясы 3-7 жас аралығындағы қыз балаларға кастинг жариялаған болатын.

Жайна Әбдібектің айтуынша, қазір кастингтің 2-кезеңі басталды. «Қазір видеотүсірілім жұмыстары басталды. 3, 5, 7 жас аралығындағы 463 қыздың фотосы іріктеліп алынды.

Ал Альмира Тұрсыноваға қатты ұқсайтын 10 жастағы қыз бекітілді»,- деді ол.

Кастинг директоры балалармен жұмыс жасаудың қиыншылығы туралы да айтып берді. «Іріктеу видеотүсірілімдері балаларды киноға дайындау үшін өте қажет кезең. Бала камераларға, бетіне түскен жарықтарға үйренуі керек. Осы бағытта мен және менің ассистенттерім жұмыс істеп жатыр», - деді кастинг-директор. Жайна Әбдібектің айтуынша, «Қазақфильм» киностудиясы киноға түсетін нәрестелерге наурыздың 5-6 күні кастинг жарияламақ.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде