{metadescription}
Федерер бесінші рет жылдың үздік спортшысы атанды

Федерер бесінші рет жылдың үздік спортшысы атанды

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Laureus World Sports Academy («Лауреус» әлемдік спорт академиясы) тұжырымы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды.   

36 жастағы Федерер аталмыш сыйлықты бесінші рет иеленіп отыр.

Бұдан бұрын ол 2005, 2006, 2007 және 2008 жылдары марапатталған еді. Былтыр ол алтыншы Аустралия ашық чемпионатын және сегізінші Уимблдонда жеңіске жеткен болатын. 

«Жыл спортшысы» наградасына португалиялық футболшы Криштиану Роналду, британдық Льюис Хэмилтон (автожарыс) және Крис Фрум (веложарыс), британдық жүгіруші Мо Фара мен испандық теннисші Рафаэль Надаль үміткерлік еткен. 

2017 жылы жетінші рет Аустралия ашық чемпионатында жеңімпаз атанған америкалық теннисші Серена Уильямс жыл спортшысы атанған. 

«Жылдың қайта оралу оқиғасы» номинациясында Федерер жеңіске жетті. «Жыл серпіні» номинациясын 38 жастағы испандық гольфшы Серхио Гарсия алды. Ол 2017 жылы алғаш рет «Мастерсте» ұтқан еді. 

Жылдың үздік командасы атағына «Формула-1» машиналар классында автожарыстан әлем чемпионы атанған неміс командасы «Мерседес» ие болды. 

«Лауреус» сыйлығы 1999 жылы әлемдегі танымал бизнес компаниялардың қатысуымен халықаралық қорлар бекіткен еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.