{metadescription}
Қызылордада оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды

Қызылордада оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды

Қызылорда қаласындағы №66597 әскери бөлімінде сарбаз көз жұмды.

Қайғылы жағдай 23 қаңтарда оқу-жаттығу жиыны кезінде болған.

Ол кезде кейбір құпия жағдайларға байланысты, мәліметтер жарияланбаған еді.

Көз жұмған сарбаз келісім-шарт негізінде жұмыс жасаған.

Қазіргі таңда аталмыш фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

«Сарбаздың оқу-жаттығу кезінде көз жұмғаны анықталды. Әскери бөлімде қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Бұл істе немқұрайлылыққа байланысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен айналысуда. Барлық процестер аяқталғаннан кейін, нақты процессуалды шешім қабылданатын болады», - деді Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры Қасен Рахматулин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде