{metadescription}
Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Қоржынымызда 3 қола медаль бар.

Наурыз айының 4-іне дейін созылатын құрлықтық жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің балуандары бозкілемге шықты.

Азия чемпионаты жыл сайын сәуір-мамыр айларында өтетін. Алайда Бірлескен күрес Әлемінің басшылары биылғы құрлықтық жарысы жыл басына бекітті.

Осыған байланысты ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Қазақстан чемпионатын көктемгі мезгілге қалдырды.

Жарыстың бірінші күні грек-рим күресінің шеберлері 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.  Өкінішке қарай, бес салмақ дәрежесі бойынша өткен бәсекенің финалына Қазақстан балуандары шыға алмады. Қоржынымызда тек 3 қола медаль бар.

55 келі салмақ дәрежесіндегі отандасымыз алматылық Қорлан Жаханша алғашқы айналымда қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбековтен ұтылып қалды. Алайда, қола медаль үшін болған белдесуде Жаханша қытайлық қарсыласын жеңіп, Қазақстан қоржынына осы чемпионаттағы алғашқы жүлдені салды.

Айта кетейік, Қорлан Жаханшаны алғашқы айналымда жеңген Жоламан Шаршенбеков финалда жапониялық Шота Танакураға жол беріп, күміс медальды қанағат тұтты.

63 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейрамбек Айнағұлов та Азия чемпионатын қола медальмен қорытындылады. Ол ширек финалда ирандық Морад Абдевалиді айқын басымдықпен (10:0) ұтты. Бірақ, жартылай финалда өзбекстандық Елмұрат Тасмұрадовқа тізе бүкті. Қола медаль үшін күресте Мейрамбек өз мүмкіндігін мүлт жібермеді,  үнді балуаны Викрам Курадені 9:0 есебімен талқандап, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Былтыр Нью-Делиде (Үндістан) 75 келі салмақта Азия чемпионы атанған Мақсат Ережепов те бұл жолы қола медальмен шектелді. Мақсат 77 келі салмақта өнер көрсетіп, алғашқы белдесуінде ирандық балуаннан ұтылды. Бірақ, артынша екі қарсыласын жеңді. Алдымен жұбаныш белдесуде тәжікстандық балуанды қапы қалдырса, қола медаль үшін айқаста Жапония өкілінен айласын асырды.

          

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде