{metadescription}
ВИДЕО: Ер адам көлік салонындағы Rolls Royce-ке мініп, ғимараттың әйнегін сындырды

ВИДЕО: Ер адам көлік салонындағы Rolls Royce-ке мініп, ғимараттың әйнегін сындырды

Алматыда ер адам жаңа Rolls-Royce көлігімен автосалонның әйнегін қиратты.

Желіде оқыс оқиғаның видеосы мен суреті тарап кетті.

Бұл оқиға  туралы Instagram парақшасында Артем Свистунов хабарлаған.

"Rolls Royce орталығының қасынан тып-тыныш өтіп бара жатқанмын, кенет дөңгелектің тоқтаған үні, соққы дыбысы естіліп, әйнек шағылды. Көліктен мас па, түсініксіз бір адам шығып, есікке қарай беттеп барады. Бәрі артынан тұра жүгірді! Бұл адам орталықта қайдан жүр?", — дейді оқиға куәгері.

Автосалонға келген азамат Rolls Royce Ghost көлігін қарап отырып, газды басып жібереді. Көлік салонның әйнегіне соғылады.

Оқиға Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орналасқан автосалондардың бірінде болған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде