{metadescription}
ВИДЕО: Боксшы жекпе-жектен кейін қайтыс болды

ВИДЕО: Боксшы жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін британиялық боксшы Скотт Уэстгарт (7-2-1, 2 КО) жекпе-жек кезінде басынан алған жарақатынан кейін 31 жасында қаза тапты.

24 ақпан күні Уэстгарт Дека Спелмэнмен (11-1, 7 КО) өткен кездесудің оныншы раундында нокдаунд алып қалды.

Дегенмен де бұл нокдаунға қарамастан ол ұпай санымен жеңген болатын. Келесі жекпе-жегінде Уэстгарт Ұлыбритания чемпионы белбеуі үшін кездесу өткізуі тиіс еді.

Кездесуден кейін Уэстгарт рингте сұхбат берген. Бірақ сол кездің өзінде оның жағдайы ауыр екені байқалып тұрған. Кейінірек оны емханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Боксшының миына қан кетіп, өмірден озды.

Уэстгарт кәсіпқой бокстағы карьреасын 24 жасында бастаған. Біраз уақыт бокспен қатар шаңғы нұсқаушысы және Шеффилда қонақ үйі ресторанында аспазшы болып қосымша жұмыстар істеген.

Оның өліміне байланысты көптеген танымал тұлғалар көңіл айтты. Солардың қатарында промоутер Эдди Хирн, әлемнің экс-чемпионы Рикки Хаттон, әлем чемпионы титулына бірнеше мәрте үміткер болған Мартин Мюррей және басқа да боксшылар бар. Ал оның соңғы қарсыласы Дек Спэлман да Уэстгарт отбасына қолдау білдірді.

«Мен қатты қайғырудамын, ақталарға сөз таппадым. Мен Скотқа және отбасы мен таныстарына дұға қылуды жалғастырамын. Жатқан жерің жайлы болсын досым» , - деді Спэлман.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде