{metadescription}
Тасжүрек ата-ана үш бірдей баласын суықта қамап ұстап, аштан қатырған

Тасжүрек ата-ана үш бірдей баласын суықта қамап ұстап, аштан қатырған

Пенсильванияда үш бала жылытылмайтын бөлмеде ұзақ уақыт бойы аш отырған.

Қарны ашқан бүлдіршіндердің қабырға бояуын жеуден басқа амалдары қалмаған.

34 жастағы Джошуа Уэйант пен оның 39 жастағы әйелі Бренди асырап алған балаларын ұзақ уақыт бойы бір түйір нансыз қамауда ұстаған.

Жұбайлар бұл әрекетін балалардың мазаны ала бергенімен түсіндірді.

Полиция бөліміне анонимді хабарлама келіп түскеннен кейін тәртіп сақшылары мен балаларға көмек қызметінің мамандары оқиға орнына бірден жөнелген.

Балалардың мүлдем жылу бармайтын әрі жиһазбен жабдықталмаған бөлмеде қамалып отырғаны белгілі болды.

Дәрігерлердің айтуынша, полиция сәл кешіккенде бүлдіршіндер аштықтан өліп кетуге жақын болған. Алайда балалардың қазіргі жағдайы жақсы, олар енді жаңа отбасыларымен бірге жаңа өмір бастап кетіпті.

Ал балаларды қамап қинаған бұрынғы ата-аналары 10 жылға темір торға қамалды.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.