{metadescription}
ВИДЕО: Маңғыстау облысындағы жол апатында алты Өзбекстан азаматы тірідей өртеніп кетті

ВИДЕО: Маңғыстау облысындағы жол апатында алты Өзбекстан азаматы тірідей өртеніп кетті

Қаза тапқан Өзбекстан азаматтары 22 және 40 жас аралығында болған.

Маңғыстау облысында Ақтау-Бейнеу тас жолындағы жантүршігерлік жол апатында 6 Өзбекстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Өзбекстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Жол апаты кеше 1 наурызда Ақтау-Бейнеу тас жолында Шетпе ауылы маңында болған. Lada Largus Shacman жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп, оқиға орнында жеті адам қаза тапты, олардың алтауы Өзбекстан азаматтары болған.

Өзбекстан ТЖМ Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетімен бірге Lada Largus көлігінде болған Өзбекстан Республикасы азаматтарының кім екенін анықтады:

1. Аллаяров Расулбек Кузибоевич, 23.02.1981 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Шават ауданы (Lada Largus жүргізушісі).

2. Душамов Зокир Куранбоевич, 11.04.1977 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Шават ауданы (жолаушы).

3. Рахимов Шерзод Сапарбоевич, 12.07.1980 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Шават ауданы, Гулістан қаласы (жолаушы).

4. Бегназаров Мардонбек Хушнуд угли, 27.10.1995 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Багат ауданы (жолаушы).

5. Мадаминов Гайрат Розматович, 13.10.1985 жылы туған — мекенжайы: Хорезм облысы, Гурлан ауданы, Гурлан қаласы (жолаушы).

6. Балтаев Махмуджон Сабуржан угли, 21.09.1995 жылы туған — мекенжайы: Хорезм облысы, Янгиарык ауданы (жолаушы).

Дереккөз: sputniknews.kz

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде