{metadescription}
Қазақстандық фристайлшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық фристайлшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды. 

Бүгін әлем кубогының кезеңінде ерлер арасындағы сайысқа түскен отандасымыз Дмитрий Рейхерд үшінші орынға ие болды.

Ол канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Павел Колмаков болса жарысты 26-шы орында аяқтады.

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады.

Жеңіс франциялық Перин Ляфонтқа бұйырды.

Фристайл, могул Әлем кубогының кезең, Тадзавако, Жапония

Ерлер 1. Икума Хорисима (Жапония) - 91.03 2. Майкл Кингсберри (Канада) - 89.27 3. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 87.26 ... 26. Павел Колмаков (Қазақстан) - 73.26 Әйелдер 1. Перин Ляфонт (Франция) - 83.03 2. Жюстин Дюфур-Ляпоинт (Канада) - 81.33 3. Китон МакКарго (АҚШ) - 81.06 ... 7. Юлия Галышева (Қазақстан) - 78.18

Дереккөз: olympic.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде