{metadescription}
Дәрігерлер қателесіп басқа науқастың бас сүйегін ашып, күрделі ота жасаған

Дәрігерлер қателесіп басқа науқастың бас сүйегін ашып, күрделі ота жасаған

Кения ауруханасында хирургтар қателесіп басқа науқастың бас сүйегіне өте қауіпті ота жасап, халықты шулатты. 

Ауруханада дене ісігіне бола емделіп жатқан науқас күрделі отаны өткерді. Дәрігерлер шатасып, миында қан ұйыған науқасқа жасалуы тиіс отаны, сау адамға жасаған.

Хирургтар бірнеше сағат бойы науқастың миынан ұйыған қанды таба алмағаннан кейін қателескендерін білген.

Аурухана басшылығының айтуынша, ота жасалған науқас сауығып келеді екен. Ал миында қан ұйып қалған науқастың жағдайы да айтарлықтай жақсарған. Дәрігелер қазір науқас ешқандай отасыз сауығып кетті дейді.

Оқиғадан кейін қателік жіберген нейрохирург, анестезиолог және екі медбике уақытша жұмыстан босатылды.

Оларды медицина одағы қорғамақшы болып, өз болжамдарын жасады. Ұйым медицина қызметкерлері мен ота жасайтын бөлмелердің жетіспеушілігіне байланысты шатастық болды дейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.