{metadescription}
Қазақ жастары Голливудта өнер көрсетеді

Қазақ жастары Голливудта өнер көрсетеді

Қазақ домбырасын әлемге танытуды мақсат еткен «Бастау» тобы Голливудта өтетін әлемдік шоуға қатысуға жолдама жеңіп алды.

Бұл туралы топтың продюсері Алпамыс Шәрімов айтты.

Мәлім болғандай, 4 наурыз күні Латвия астанасы Ригада «Восходящие звезды» xалықаралық байқауы өтті. Онда «Бастау» домбырашылар тобының мүшелері - Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз өзге музыкалық аспаптарды артта қалдырып, бас жүлдені жеңіп алды.

"Бұл классикалық музыкалық аспаптар байқауы еді.Алайда, біз қазақтың ұлттық музыка аспабы - домбыраны қатыстыруға өтініш білдірдік. Өтінішіміз қабыл болды, біз күтпеген едік", - деді продюсер.

Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, домбырашылар байқауда «Күй тартыс» және «Евразия» күйлерін орындаған. Қорытындысында, қазақстандық музыканттар Голливудта өтетін үлкен әлемдік шоуға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға алғыс айтқымыз келеді. Қазақ өнерінің дамуы үшін әрқашан қолдау көрсетіп отырады. Топтың осы байқауға қатысуына барлық жол шығындарын өз мойнына алды»,- деп атап өтті Шәрімов.

Айта кетейік, «Бастау» тобы 2017 жылы құрылып, әнші Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында өткен «Бастау» концертінде тұсауы кесілген болатын.  

Дереккөз: Қазақпарат


 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде