{metadescription}
Станимир Стойлов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Станимир Стойлов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

51 жастағы болгариялық маман Станимир Стойлов ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Қазақстан құрамасы 22-қаңтарда Александр Бородюк қызметінен кеттенен кейін бас бапкерсіз қалған еді.

Ресейлік маман Қазақстан құрамасымен бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді.

Оның бастамасымен біздің құрама сегіз кездесу өткізіп, алты рет жеңіліп, бір рет тең ойнады. 

8-қаңтар күні "Астана" футбол клубы Стойловпен жаңа келісімшарт жасағаны туралы ресми хабарлаған еді.

Елордалық клубпен Стойлов ең бірінші келісімшартын 2014 жылы жасаған болатын.

Содан соң келісімшарт 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылды.

Болгариялық маман бірінші маусымда-ақ елордалық клубпен Қазақстан Чемпионы атанды.

Одан кейін "Астана" бұл бапкермен ішкі біріншілікті үш рет жеңіп алды. 2015 жылы "Астана" қазақстандық клубтардың арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

2016 және 2017 жылдары "Астана" Стойловпен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал биылғы маусымда "Астана" қазақстандық клубтар арасында Еуропа лигасының 1/16 финалына бірінші болып шықты.

Болгариялық "Тема Спорт" басылымының хабарлауынша, елордалық клубпен жасаған жаңа келісімшарты бойынша Стойловтың бір жылдық жалақысы 1,2 миллионға дейін өскен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.