{metadescription}
ВИДЕО: Головкиннің соққылары бокстағы үздік джеб

ВИДЕО: Головкиннің соққылары бокстағы үздік джеб

"Тамаша видео. Головкиннің джебі көптеген боксшылардың күш салып ұрған соққысынан әлдеқайда жойқын", - деп жазды Леффлер.

Желіде "GGG: бокстағы үздік джеб" атты видео пайда болды. Онда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің соққыларының видеосабағы түсірілген.

Мұны америкалық UCNLive басылымының журналисі Стив Ким байқап қалып, басқа боксшыларға осы видеоны міндетті түрде көруге кеңес берді. 

"Бокста ең қарапайым соққы ол - джеб. Меніңше бұл үйрену кере бірінші нәрсе. Міне, Головкиннің видеоджебі", - деп жазды Ким Twitter желісіндегі парақшасында.  
Бұл видеоны көрген Головкиннің бапкері Том Леффлер де мақтауын аямады. 

"Тамаша видео. Головкиннің джебі көптеген боксшылардың күш салып ұрған соққысынан әлдеқайда жойқын", - дер жазды Леффлер.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде