{metadescription}
ВИДЕО: Бішкекте әйелдер шеруге шықты

ВИДЕО: Бішкекте әйелдер шеруге шықты

Бішкекте 8 наурыз күні теңдікті талап еткен әйелдер шеруге шықты.

Шеру қатысушылары "Феминизм — гуманизм", "Тамақ істеме, арықтама", "Өз тәнім — өз шаруам", "Әйелдер зорлық көрмесін", "Әйелдерге тең құқық берілсін" деген плакаттар ұстаған.

Қатысушылар әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық пен кемсітуді тоқтату, әйелдер құқығын қорғауды талап еткен жазулар ұстап шыққан.

Олар қоғамның барлық саласында әйелдер мен ерлер тең жағдайда болсын, әйелдердің өз өмірлеріне қатысты шешім қабылдауына ешкім тосқауыл қоймасын деген талап қойған.

Бейбіт шеруге шыққандар сонымен бірге трансфобияға, гомофобияға қарсы тұруға және мүгедек жандарды кемсітуді доғаруға шақырған. Олар үндеу жазылған жазулар ұстап, қала көшелерімен жүріп өткен.

Бішкектегі акцияны өткізуге "Бішкек феминистік бастамалары" бірлестігі, "Нәзік қыз" және "Лабрис" қоғамдық ұйымдары мұрындық болған. Оштағы акцияны "Жан толкун" қоғамдық ұйымы өткізген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.