{metadescription}
Ер адам әйелдің 11 қабырғасын сындырып, өлтіріп тастады

Ер адам әйелдің 11 қабырғасын сындырып, өлтіріп тастады

Одесса қаласындағы академик Королев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден көкірек қуысы пышақпен аяусыз тілінген, 29 жастағы әйелдің өлі денесі табылды.

Украина ұлттық полициясының өңірдегі басқармасы таратқан хабарламасына сәйкес, 8 наурыз күні Одесса және Одесса облысында екі әйел өлі күйінде табылған.

Ивановск ауданындағы Слободка ауылында тұратын 51 жастағы әйел өзінің ауылдасының үйіне қонаққа барған. Онда әйел үйдің иесі және оның досымен алкогольді ішімдік ішкен. Кейін қонаққа келген әйел мен ер адам арасында кикілжің туындаған. Салдарынан әйел аяусыз соққыға жығылған.

«Алған дене жарақаттарынан әйел қаза тапты. Сот медициналық сараптамасының алдын ала мәліметтері бойынша әйелдің 11 қабырғасы сынуы салдарынан ол тілге келмей қайтыс болған», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Әйелдің өлі денесі ауылдағы көшеден табылыпты. Оны өлтірген күдіктілерді полиция тұтқындаған.

Аталған дерек бойынша Украина қылмыстық кодексі 121-бабы 2-тармағы (Біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.